Мәскеуде оқушы қызды мұғалімі аман алып қалды. Ол өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды stan.kz.
«Ол әлеуметтік желіге қорқынышты пост жазды. Сыныптастары ата-аналарына айтты, ал аналардың бірі мені шақырды», - дейді мұғалім.
Сынып жетекшісі тез арада қыздың анасына қоңырау шалып, өзі оқушының үйіне кетті. Бұл туралы Мәскеу қаласының білім департаментінің баспасөз қызметінде растады.
«Кешкісін күйзеліске түскен оқушы қыз үйінде жалғыз болды. Ол бұл туралы әлеуметтік желілерде жазды. Постты көрген қыздың сыныптастары ата-аналарына ақпарат беріп, сынып жетекшісіне айтты. Мұғалім дереу қыздың анасымен байланысып, үйге оқушыны ертіп келді. Нәтижесінде мұғалім қалпына келтірілмейтін жағдайдың алдын алды», - дейді Орталық әкімшілік округінің инспекторы Екатерина Федорович.
Қазір мектеп оқушысы, ата-анасының айтуынша, тәртіпке келді. Оған медициналық көмек қажет емес, бірақ ол үйде біраз уақыт болады.
«Оқушылармен жұмыс жасау үшін қалалық психологиялық-педагогикалық орталықтың мамандары шақырылады. Біз қыздың ата-анасымен байланыстамыз, жағдайды қадағалап отырмыз», - деп хабарлады Мәскеу қалалық білім департаментінің баспасөз қызметі.