Бұл туралы American Airlines сайтында жарияланды
Әлемдегі ірі әуе компаниясы ұшақ ішіндегі әлеуметтік қашықтықты сақтаудан бас тартты. Бұл туралы American Airlines сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуе тасымалдаушы ортаңғы қатарға да билеттер сата бастаған. 1 шілдеден бастап ұшатын рейстерде орындардың жаппай сатылып жатқанын көруге болады.
«Адамдар көптеп саяхаттап жатыр. Сондықтан осындай шешімге келдік», – делінген хабарламада.
АҚШ-тың 12 штатында қатаңдатылған карантин режимі қайтарылып жатқанда, әуе компаниясының мұндай қадамға барып жатқаны таң қалдырады, әрине.