Ұшақ әуежайға ұшып шыққаннан кейін 11 минуттан соң қайта оралған
АҚШ-та ұшақ бортында ноутбук өртенді. Түтінге уланған бортсеріктер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
CBS мәліметінше, 8 ақпанда United Airlines ұшағының жолаушыларының бірі Сан-Диегодан Ньюарк қаласына ұшу кезінде бортқа өзімен бірге ноутбук алып кірген. Ұшақ әуеге көтерілген сәтте гаджет салынған сөмке түтіндей бастаған. Ер адам оны еденге лақтырған, осы кезде басқа жолаушылар жапа-тармағай ұшақтың артқы бөлігіне қашқан.
Бортсеріктер өртті өрт сөндіргіш құралмен сөндіруге асығып, алайда өздері уланған. Экипаж мүшелері ноутбукты өртке қарсы қапқа салып, өрттің таралуын тоқтатқан. Өрттің неден шыққаны белгісіз, алайда жолаушыларға ұшақ бортына литий батареясы бар құрылғыларды алып кіруге болмайтыны ескертілді.
"Біз экипаж мүшелері дереу әрекет етіп, борттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамыз", – деді United Airlines өкілдері.
Ұшақ әуежайға ұшып шыққаннан кейін 11 минуттан соң қайта оралған.
"Ұшақ Сан-Диего халықаралық әуежайын сәтті қонды. Дереу апатты жағдайда әрекет ететін бригада оқиға орнына жетіп, жолаушыларға көмек көрсеткен", – деді әуежай басшысы Daily Mail басылымына берген сұхбатында.