Жаңа Зеландияда жанартау атқылап жатыр: 5 адам қаза тапты
Жанартау атқылау кезінде аралда 100-ге жуық адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жаңа Зеландияның Уайт-Айленд аралында жанартау атқылауы салдарынан кем дегенде бес адам мерт болды, деп хабарлайды inform.kz New Zealand Herald құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, бес адамның мәйіті жанартаудың атқылауынан кейін табылған. Бірақ, олардың әлі кім екені әзірге анықталған жоқ.
«Көптеген адамдарды күйік шалған, олар ауруханаға жеткізілді», — деді комиссардың орынбасары.
Ол зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында шетелдік азаматтардың да бар екенін атап өтті.
Жанартау атқылау кезінде аралда 100-ге жуық адам болған, олардың біразы із-түзсіз жоғалып кеткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10