Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырады
ҚазАқпарат
Ұшақ ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүйсенбі күні кешке Калифорния штатының Эль-Кахон қаласында Learjet маркалы кішігірім ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген құтқарушылар аман қалғандарды таппаған. Шериф кеңсесінің хабарлауынша, жергілікті билік бортта қанша адам болғанынан хабарсыз. Жерде қаза тапқандар жоқ. Ұшақ жергілікті әуеайлаққа қонуы керек болған, алайда шамамен 19:00-де апатқа ұшыраған.
АҚШ-тың Федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) және Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) апат туралы хабар алған, тергеу жүргізіледі. Ұшақ ауа райы қолайсыздығынан апатқа ұшыраған болуы мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06