Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясы басталды, деп хабарлайды Sputnik.
Қой-Ташта милиция мен экс-президенттің жақтастары арасында қақтығыс болған. Құқыққорғаушылар жағынан 200-ге жуық қызметкер жиналған, ал Атамбаевтың жақтастары қатарында 400 адам бар.
Милиция қызметкерлеріне Молтов коктейлі мен тас лақтырып жатыр. Ал құқыққорғаушылар қақтығыс барысында жарық-дыбыс гранаталарын қолданған. Атамбаевтың жақтастары кері шегіне бастады.