Оңтүстік Кореяда төбелес шығарған 19 қазақстандық ұсталды

22.04.2020 в 21:48

Оңтүстік Кореядағы елшіліктің консулдық бөлімі болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр

stan.kz

Оңтүстік Кореяның Кванжу қаласында төбелескен 19 қазақстандық ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Stan.kz.

"18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванчжу қаласында осы елде заңсыз жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жанжал болды. Оқиға нәтижесінде жергілікті полиция қызметкерлері Қазақстанның 19 азаматын ұстады", – деді департаменттің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол Оңтүстік Кореядағы елшіліктің консулдық бөлімі болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатқанын атап өтті.

"Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап, жергілікті полиция және көші-қон қызметімен байланыста", – деді шенеунік.