Отыз адам көз жұмды: Пәкістанда мешітте жұма намазы кезінде жарылыс болды
© REUTERS / FAYAZ AZIZ
Жергілікті полицияның мәліметінше, пәкістандық Пешаварда жұма намазы кезінде террорист өзін-өзі жарып жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Пәкістанда жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болды. Оқиға салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның мәліметінше, пәкістандық Пешаварда жұма намазы кезінде террорист өзін-өзі жарып жіберген.
Зардап шеккен ондаған адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушыларға куәгерлер көмектескен.
Аурухана өкілінің айтуынша, кем дегенде он адамның жағдайы ауыр.
Кейбір мәліметтер бойынша, лаңкестің жоспарын жүзеге асыруға көмектескен тағы адамдар болуы мүмкін.
Пәкістан премьер-министрі Имран Хан құтқару қызметтеріне барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00