Жарылыс техниктерінің командасы жұма күні Англияның Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарып жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы жергілікті полиция қызметі Twitter-де жазды.
«Эксетер университетінің маңынан табылған бомба жарып жіберілді. 400 метр радиусындағы жерді қоршау түні бойы сақталады, сондықтан тұрғындар өз үйлеріне қайтып оралмауы тиіс», – делінген хабарламада.
Ұзындығы 2 метрден асатын оқ-дәрінің жоғары қуаттылығына байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында университеттік кампус аумағында және оның маңында тұрып жатқан бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге шығару жұмысы жүргізілді. Эвакуацияланғандардың арасында бұл ЖОО-ның жүздеген студенті бар.
Полиция жариялаған видеода бомба жарылған сәттен кейін жарқылдау мен ондаған метрге көтерілген қара түтін бағанасы көрініп тұр. Жергілікті тұрғындар жарылыстың қаланың шалғай бөліктерде де естіліп, үйдегі заттардың қозғалғанын айтты.
UPDATE: A WW2 bomb located near #Exeter University has been detonated. The 400-metre cordon will remain in place tonight so residents must not return home. Anyone who has been evacuated and has any concerns can call the council helpline: 0345 155 1015https://t.co/fIMs2EWPRN pic.twitter.com/VK9vgGHCkI
— Devon & Cornwall Police (@DC_Police) February 27, 2021