Cоғыстан қалған қуатты авиабомба жарылды

28.02.2021 21:51

Жарылыс жұма күні Англияның Эксетер қаласында болды

@DC_Police

Жарылыс техниктерінің командасы жұма күні Англияның Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарып жіберді, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті полиция қызметі Twitter-де жазды.

«Эксетер университетінің маңынан табылған бомба жарып жіберілді. 400 метр радиусындағы жерді қоршау түні бойы сақталады, сондықтан тұрғындар өз үйлеріне қайтып оралмауы тиіс», – делінген хабарламада.

Ұзындығы 2 метрден асатын оқ-дәрінің жоғары қуаттылығына байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында университеттік кампус аумағында және оның маңында тұрып жатқан бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге шығару жұмысы жүргізілді. Эвакуацияланғандардың арасында бұл ЖОО-ның жүздеген студенті бар.

Полиция жариялаған видеода бомба жарылған сәттен кейін жарқылдау мен ондаған метрге көтерілген қара түтін бағанасы көрініп тұр. Жергілікті тұрғындар жарылыстың қаланың шалғай бөліктерде де естіліп, үйдегі заттардың қозғалғанын айтты.