Әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5 миллионнан асты

22.05.2020 21:54

Науқастар ең көп тіркелген мемлекет АҚШ болып отыр

Фото: Brian Snyder / Reuters

Әлем бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар 5 миллион 100 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратынша, олардың 2 миллионға жуығы жазылып шықса, 330 мыңнан астамы өкінішке қарай көз жұмды. Науқастар ең көп тіркелген мемлекет АҚШ болып отыр. Онда 1,5 миллион адам қауіпті індетті жұқтырса, 93 мыңнан астамы көз жұмды.