Бішкекте коменданттық сағат енгізілді

10.10.2020 21:54

Барлық азамат үшін сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін үйден шығуға болмайды

Яндекс.Новости

Бішкекте коменданттық сағат енгізілді. Барлық азамат үшін сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін үйден шығуға болмайды. Бұл туралы комендант Алмаз Орозалиевтің бірінші бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Комендатураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұйрық комендатураның қызметін жүзеге асыратын және оған ықпал ететін мемлекеттік және муниципалды қызметкерлерге қатысты емес.

Сондай-ақ, азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың елорда аумағына келуінің және кетуінің ерекше режимі енгізіледі.

Бұған дейін Президент Сооронбай Жээнбеков Бішкекте қиын жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.