|
06.05.2020 | 16:54
1497

Нью-Йорк метросы өз тарихында алғаш рет түнгі жұмысын тоқтатпақ

Сәрсенбі түнгі сағат 01.00- ден бастап метроның 472 станциясынан тек шығуға болады

Нью-Йорк метросы өз тарихында алғаш рет түнгі жұмысын тоқтатпақ GETTY IMAGES

Нью-Йорк метросы өз тарихында алғаш рет түнгі жұмысын тоқтатпақ. Сәрсенбі күні түнде қоғамдық көлік құралында дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін пойыздар қайта жұмысқа кіріседі, тек ұзақ интервалмен қозғалады деп хабарлайды Kaz.nur.kz BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомоның сөзінше, метрополитеннің тұрақты жұмысы пандемия қатері жоғалған кезде ғана қайта қалпына келеді.

"Сіз бірінші маған жаһандық панедмия қашан аяқталатынын айтыңыз, содан соң мен сізге 24 сағаттық метро жұмысы қашан тұрақталатынын айтамын", -деді ол баспасөз конференецияда журналистердің біріне.

Сәрсенбі түнгі сағат 01.00- ден бастап метроның 472 станциясынан тек шығуға болады. Бекеттерге қосымша мыңдаған полицей жіберіледі, олар вагондарға адам жоқ екеніне көз жеткізеді. Осыған дейін қала билігі метрополитен жолаушылары саны 90 пайызға азайып, метро пойыздарын үйсіздер паналағанын айтып, шағымданған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир