Англияда коронавирустың өршуіне байланысты жаңа талаптар енгізілді

09.09.2020 21:55

Жаңа талаптарға сәйкес адамдардың үйде немесе көшеде, кез келген жерлерде жиналуына болмайды

inform.kz

Англияда коронавирустың өршіп бара жатқанына байланысты жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Англияда коронавирус жағдайы күрт өскендіктен, дүйсенбіден бастап алты адамнан асатын топтың жиналуына тыйым салынды.

Жаңа талаптарға сәйкес адамдардың үйде немесе көшеде, кез келген жерлерде жиналуына болмайды.

Алайда бұл мектеп, жұмыс орындары немесе үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері және COVID-тен қорғалған командалық спорт түрлеріне қатысты емес.

Елдің Премьер-Министрі Борис Джонсон сәрсенбіде Даунинг-стриттегі баспасөз конференциясында қосымша мәліметтер ұсынбақ.