Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды
Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек. Бұл туралы Twitter-де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек», – деді Мемлекет басшысы.