Оқиға 13 ақпан күні таңертең болды
Сингапурдың орталық бөлігіндегі шағын дүкенге кеп соғылған көлік кесірінен бес адам қаза тапты, тағы біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы Straits Times агенттігі жазды.
Оқиға 13 ақпан күні таңертең болды. «BMW» маркалы автокөлік дүкен орналасқан үш қабатты ғимаратқа соғылған. Көлікте болған бес адамның барлығы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адамды күйік шалған. Ол ауруханаға жеткізілді. Апатты анықтау жұмыстары жүріп жатыр.