|
13.02.2023 | 17:06
573

Түркия мен Сириядағы табиғи апаттан қаза болғандардың саны 36 мыңға жуықтады

Сирияда 5,3 миллионға жуық адам баспанасыз қалған

Түркия мен Сириядағы табиғи апаттан қаза болғандардың саны 36 мыңға жуықтады Almaty.tv

Түркия мен Сириядағы табиғи апаттан қаза болғандардың саны 36 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

БҰҰ берген ақпарға сүйенсек, зілзала салдарынан Сирияның өзінде 5,3 миллионға жуық адам баспанасыз қалған. Ал Түркияны қоса есептегенде, 2 елде 900 мыңға жуық тұрғынның ыстық тамаққа мұқтаж екені мәлім болды. Қазір Түркияға әлемнің 70 мемлекетінен түрлі қолдау көрсетіліп жатыр. Ал Сирия билігі өз шекарасынан гуманитарлық көмек өткізуді мақұлдады. Көтерілісшілер бақылауындағы аумаққа кіру үшін түрік территориясынан 2 жаңа жол ашылмақ.

Үйінді астынан 170 сағат өткенде табылған тұрғындар қазір медициналық бақылауда. Апат аумақтарында әлі де іздестіру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Ал сапасы сын көтермеген ғимарат құрылысшылары жаппай жауапқа тартылмақ. Оларға Түркия конституциясының «абайсызда болған адам өлімі және жарақаттау" бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

«Қазір апат болған аумақтарда құтқару қызметінен бөлек, прокуратура дәлел жинаумен айналысып жатыр. Олардың әділ әрі нақты қызмет атқаруына жағдай жасаймыз. Одан бөлек, әр аймақта жүрген 6 мың маман залал шығынын бағалау үшін күні-түні жұмыс істеп жатыр», – деді  Түркияның вице-президенті Фуат Октай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир