Қазақстандықтар мінген 3 автобус Украина шекарасында тұр – ҚР СІМ
Фото ©REUTERS
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сыртқы істер министрлігі Украинадан келетін алғашқы рейс 27 ақпанға шегерілуі мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров алғашқы репатриациялық рейс 26 ақпанда таңертең жүзеге асырылады деп жоспарланғанын немесе 27 ақпанға шегерілетінін айтты.
"Біздің азаматтарды Польшаға тасымалдаған автобустар шекара өткелінде 7 сағаттан аса кептелісте тұр. Ішінде әйелдер мен балалар бар. Жағдайды түсініп тұрған шығарсыздар. Сондықтан барлығын сабырға шақырамыз. Алдағы уақытта басқа да репатриациялық рейстер ұйымдастырылады", - деді Смадияров.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
20.11.2026 13:47
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Құқықтық тәртіп: Алматыда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
20.11.2026 12:39