17 жастағы бойжеткен ұшақты айдап кетпек болды

w-dog.ru
w-dog.ru
Енді ол сол ессіздігі үшін 8 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-та 17 жастағы қыз Калифорния штатындағы Фресно қаласында ұшақ айдап кетпекші болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Российская газета»-ға сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция бастығы Дрю Бессингердің сөзінше, ол ерекше қорғалатын Фресно Йосемити халықаралық әуеайлағындағы тікенді қашадан секіріп өтті. 

King Air 200 жеке шағын ұшағының бортына кіріп, қозғалтқышын іске қосты. Алайда, The Associated Press хабарлағандай, бұзақы тек бірнеше метр ғана жүріп өтті. Себебі, ұшақ қашаға барып бір-ақ соғылған.

Белгілі болғандай, әуе кемесі техникалық ақауларға байланысты ауаға көтеріле алмаған әрі профилактикалық жөндеуде еді. Ешкім зардап шеккен жоқ.  

Келіп жеткен полиция жасағы бұзақыны тұтқынға алды. Әуе кемесін айдап әкетпек болғаны үшін оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Тергеу барысында бойжеткен бұл әрекетке не үшін барғанын түсіндіре алмаған. Бессингердің айтуынша, ол бағдарсыз халде еді әрі қамауға алынғанда полициямен келіссөзге барудан бас тартты.

Оның анасы KFSN-TV жаңалықтар стансасына қызының бір тәулік бұрын үйден кетіп қалғандығын хабарлады. 

Новости партнеров