Жоғарғы Рада кеңесінде бұл шешімді 315 депутат қолдады
20 мамырда Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Жоғарғы Рада кеңесінде бұл шешімді 315 депутат қолдады.
Жоғарғы Раданың регламентіне сәйкес, Зеленскийдің ұлықтау күніне қатысты жеті жоба қаралып, парламентке олардың әрқайсысына дауыс беруді ұсынды.
Бұдан бұрын Зеленскидің өзі 19 мамырда ұлықтау рәсімін өткізуге ниет білдірген. Алайда, Жоғарғы Рада бұл ұсынысты 19 мамырдан кейін өткізу керектігін жөн деп санады.
Естеріңізге сала кетейік, Владимир Зеленский Украинадағы президенттік сайлаудың екінші турында 73,22% дауыс жинаған болатын. Ал, Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко бар жоғы 24,24% дауысқа ие болды.