Іс-шара тегін жүргізіледі
Мәскеуде коронавирусқа қарсы препараттың тіркеуден кейінгі зерттеулері аясында вакцинациялау басталды. Бұл туралы қала мэрінің әлеуметтік даму мәселелері бойынша орынбасары Анастасия Ракова мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Бұл вакцинаның әркім үшін қолжетімді болуын жақындата түседі. Бүгін зерттеудің алғашқы қатысушыларына екпе салынды»,– деді қала басшысының орынбасары.
Мәскеу үкіметі мен Н.Ф.Гамалеи атындағы ұлттық зерттеу орталығы қала тұрғындарын сынақ жұмыстарына қатысуға шақырады. Вакцинацияға 40 мың еркіті қажет, іс-шара тегін жүргізіледі.
«Зерттеуге қатысуға ниет білдірушілер саны күн сайын артып келеді. Әзірге 35 мыңнан астам мәскеулік өтінім берген. Қазіргі уақытта COVID індетіне қарсы вакцинаның зерттеу жұмыстары алты медициналық мекеменің базасында жүргізілуде. Келешекте олардың саны 20-ға дейін артады»,– деп толықтырды Ракова.
Оның айтуынша, вакцина егу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде еріктілерге вакцинаның бірінші компоненті егіледі, ал 21 күннен кейін – екіншісі салынады. Аталған компоненттер құрамындағы белсенді заттармен ерекшеленеді.