|
04.12.2021 | 17:17
357

Франция шекаралық бақылауды күшейтті

Шекарадан өту үшін 12 жастан асқан азаматтарда 48 сағат бұрын тапсырылған теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болуы қажет

Франция шекаралық бақылауды күшейтті ашық дереккөз

Бүгіннен бастап Франция Еуропа елдерінде COVID-19 вирусының белсенді таралуына байланысты шекаралық бақылауды күшейтті, деп хабарлайды  Almaty.tv  тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Шекарадан өту үшін 12 жастан асқан азаматтарда 48 сағат бұрын тапсырылған теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болуы қажет. Сонымен қатар ел билігі COVID-19 бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайы бар елдер үшін қосымша түс белгілерін енгізді. Мысалы, "омикрон" штаммын жұқтыру жағдайлары анықталған мемлекеттер қызыл түспен белгіленген. Қазіргі уақытта Францияның 5 аймағында осы штамды жұқтырудың 9 жағдайы анықталды.

Азия аймағында коронавирустың таралу қарқыны төмендемей тұр. Вьетнамда бір күнде 13 670 SARS-CoV-2 тасымалдаушысы анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі Хошимин мен ел астанасы Ханойда өте жоғары көрсеткіштер тіркелгенін атап өтті.

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Вьетнамның оңтүстігінде және орталық бөлігіндегі провинцияларда анықталды. Пандемия басталғаннан бері расталған жағдайлардың жалпы саны 1 280 780-ге жетті. Елдегі вакцинация қарқыны әлі де күшейтуді қажет етеді, бүгінгі күні 97 миллионнан астам тұрғынның 53 миллионға жуығы вирусқа қарсы егілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир