Түркияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды

25.02.2021 22:19

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 12:48-де тіркелген

aa.com.tr

Түркияның шығысындағы Бингёль провинциясының Карлыова ауданында магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 12:48-де тіркелген. Ал оның ошағы 6,96 шақырым тереңдікте жатқан. Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.