Танымал актер Андрей Мягковтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

19.02.2021 22:24

Мягков дәрігерлер келгенше қайтыс болған

82 жасында РСФСР Халық әртісі Андрей Мягков өмірден озды. Mash телеграм-арнасының хабарлауынша, актер жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Оның ес-түссіз жатқанын әйелі байқап, дәрігер шақырған. Алайда Мягков дәрігерлер келгенше қайтыс болған, деп хабарлайды Almaty.tv

Актер 1938 жылы 8 шілдеде Ленинградта дүниеге келді. 1960 жылдары МХАТ мектеп-студиясында оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін «Современник» театрында жұмыс істеді.

Мягков режиссер Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С легким паром!», «Служебный роман» сияқты фильмдеріне түсіп, ел сүйіспеншілігіне бөленген талантты актер. Одан бөлек «Жестокий романс», «Дни Турбиных», «На Дерибасовской хорошая погода, или На Брайтон-Бич опять идут дожди» сияқты фильмдерде ойнады.

Ол кино өнеріне қосқан үлесі үшін РСФСР Халық әртісі атағын алды. 2019 жылы оған III дәрежелі «Отанға сіңірген еңбегі үшін» ордені берілді.


Дереккөз: Рамблер