БАӘ-де жаңа президент сайланды
Фото: Reuters
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Абу-Даби әмірлігінің мұрагер ханзадасы ағасы, ел билеушісі Халифа бен Зейд қайтыс болғаннан кейін БАӘ-нің жаңа президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сайлау туралы шешімді Жоғарғы федералды кеңес қабылдады. Сенбіде кеңестің құрамына кіретін алты әмірліктің билеушілері мемлекет басшысының өліміне байланысты көңіл айту үшін Мұхаммед бен Зейдтің сарайына жиналды.
WAM мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, "Жоғарғы федералды кеңес Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Зейдті БАӘ президенті етіп тағайындау туралы шешім шығарды".
Еске салайық, елді 2004 жылдан бері басқарған БАӘ-нің бұрынғы президенті жұмада 73 жасында ұзақ аурудан кейін қайтыс болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00