Әлемде КВИ жұқтырғандардың саны 18 миллионнан асты

04.08.2020 22:29

Бақилық болғандар 692 мыңға жуықтады

dw.com

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 18 миллион 196 мыңнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Індетті жұқтырғандардың саны бойынша АҚШ көш бастап тұр, континентте 4 милилион 800 мыңға жуық науқас тіркелген.  Бразилияда COVID-19 жұқтырғандар саны 2 миллион 751 мыңға жетті. Сондай-ақ, Үндістанда 1 миллион 855 мың адамға дерт жабысқан. Осы уақытқа дейін дүние жүзінде 1 миллион 230 мың адам қауіпті індеттен жазылып шықса, өкінішке қарай, бақилық болғандар 692 мыңға жуықтады.