Лос-Анджелес тұрғыны АҚШ-тағы президент сайлауында Джо Байден жеңген жағдайда жаппай кісі өлтіретінін айтып, жұртты шошытты. Ер адам сондай-ақ, демократ атаулының көзін құртуға шақыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Los Angeles Times басылымы жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта полиция елді дүрліктіріп жүрген ер адамды қолға түсірген. Оның үйіне тінту жүргізілді. Ер адамның іс-әрекетіне әлі де баға беріліп жатқандықтан, оған қазірше нақты айып тағылған жоқ. Ұсталған азамат психиатриялық сараптамадан өтуі тиіс.
Америкалық жүма күні, 6 қарашада ұсталды. Оның жұртты қорқытқан видеосын полицейлер әлеуметтік желіден тапқан. Ол өз бейнеүндеуінде егер Байден жеңіске жетсе, кәдімгі қандықол қарақшылардай қарумен қырғын салатынын мәлімдепті.