Ресейде бір тәулікте 20 мың адам коронавирус жұқтырған
Фото: Андрей Любимов / РБК
РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 20 582 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғарғы көрсеткіш. РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv aqmolanews сайтына сілтеме жасай отырып.
«Ресейде бір тәулікте 18 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша өсім 1,2%-ға артқан. Бір тәулікте жазылып шыққан ресейліктердің саны 16 955 адамға жетті», - делінген хабарламада.
Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан. Бұл барлық вирусқа шалдыққандардың 74,8%-ын құрайды. Ресейде коронавирустан бір тәулікте 378 адам көз жұмған. Инфекциядан жалпы 29 887 пациент қайтыс болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13