Нөсер жаңбырдан мал қырылып, алқаптарды су шайған
Вьетнамның солтүстік және орталық аудандарында 24-28 қыркүйек аралығында болған су тасқынынан 9 адам мерт болып, бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, тағы 10 адам зардап шеккен. Бұл туралы кеше елдің Табиғи апаттардың алдын алу және олармен күрес ұлттық жетекші комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Нөсер жаңбыр салдарынан болған тасқын үйлерді, жол мен аквамәдениетке арналған су айдындарын, күріш пен өзге де дақыл алқабтарын шайып, үй құстары мен ірі қара малдың өліміне әкелді.
Вьетнам Бас статистика басқармасының мәліметінше, табиғи апаттардан, әсіресе тасқын мен көшкіннен жыл басынан бері Вьетнамда 98 адам қаза тауып, із-түзсіз жоғалып кеткен. 103 тұрғын жарақат алды.
Оқи отырыңыз: Тұман, жел: 1 қазанға арналған ауа райы болжамы