16 жастағы мектеп оқушысы анасының құрбысына үйленді

20.08.2023 22:42

Тамыз айының басында қос жұп неке қиып, үйлену тойын жасаған

mothership.sg

Мектеп оқушысы өзінен 25 жас үлкен әйелге үйленді деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Индонезия басылым мәліметінше Мариана есімді келіншек Кевинді бала кезінен таниды екен. Мектеп оқушысы әйелдің азық-түлік дүкендер желісіне жиі барып жүрген. Мариана Кевиннің анасымен айырылмас құрбы екені белгілі болды.

Тамыз айының басында қос жұп неке қиып, үйлену тойын жасаған. Тіпті Кевиннің анасы бұл некеге қарсылық танытпаған. Дегенмен ерлі-зайыпты қоғамда үлкен дау туғаны үшін төрт күннен кейін ажырасып тынған. Жергілікті заңнама 41 жастағы Маринаға қатаң шара қабылданатынын жеткізді.