Бензин таситын жүк көлігі жарылып, 91 адам мерт болды
xabar.uz
Құзырлы мекемедегілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Африкадағы Сьерра-Леонеде бензин таситын жүк көлігі жарылды. Соның салдарынан 91 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Reuters ақпараттық агенттінің мәліметінше ел астанасы Фритаундағы қалалық мәйітханаға 91 адамның денесі жеткізілген.
Белгілі болғандай, бензин таситын көлік бүгін таңғы уақытта жол апатына ұшыраған. Ал айналасына жиналған тұрғындар төгілген жанармайды жинап алуға тырысыпты. Осы сәтте бензин таситын жүк көлігі отқа оранып, соңы жойқын жарылысқа ұласқан.
Құзырлы мекемедегілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52