Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды
ашық дереккөз
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол 51 келі салмақ дәрежесінде Белград шаршы алаңына шықты. Әлем чемпионатының финалында қазақстандық Сәкен Бибосынов америкалық Рискоу Хиллмен кездесті. Екеуара тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Сәкеннің еншісіне шешілді.
Осылайша, спортшы Қазақстан құрамасы сапында бокстан әлем чемпионатының екінші алтынын иеленді.
Кіші сержант Сәкен Бибосынов - Токио-2020 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін чемпионатта ел қоржынына алғашқы алтынды Теміртас Жүсіпов әкелген болатын. Әлемдік біріншілікті ОСК-ның сарбазы қатардағы жауынгер Махмұд Сабырхан күміс жүлдемен аяқтады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52