Жер сілкінісінің ошағы Дюздже қаласында орналасқан
Түркияның солтүстік-батысындағы Дюздже провинциясында Рихтер шкаласы бойынша 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою бойынша басқарманың (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 15:40-та 18,02 километр тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Дюздже қаласында орналасқан.
Меркез-Джедидие және Азмимилли шағынаудандарында тұратын кейбір азаматтар жер сілкінісінен кейін үйлерінен шығып, түнді көшеде өткізді.