Грекияда алғаш рет әйел президент сайланды

22.01.2020 22:46

Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді

ru.newsbot.press

Грекия парламенті бұрынғы Мемлекеттік кеңес (Жоғарғы әкімшілік соттың) басшысы Катерина Сакелларопулуды президент етіп сайлады. Ол ел тарихындағы тұңғыш әйел президент атанып отыр. Оған 300 депутаттың 261-і дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ekathimerini басылымына сілтеме жасап.

«Оны басқарушы Жаңа демократия, оппозициялық «СИРИЗА» солшыл партиясы мен солшылцентристік «Движение перемен» альянсының заң шығарушылары қолдады», - делінген БАҚ хабарламасында. Сакелларопулу қызметіне 13 наурызда кірісіп, бес жыл ішінде елді басқару құқына ие болады. Әзірге ел президенті - Прокопис Павлопулос. Бұл елде президентті халық емес, парламент мүшелері сайлайды. Айта кетсек, 2019 жылдың маусым айында Грекия президенті Прокопис Павлопулос парламентті таратып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізетінін мәлімдеген болатын.

Теги: Грекия