Су астында сүйіктісіне сөз салған жігіт көз жұмды (ВИДЕО)

23.09.2019 22:48

АҚШ тұрғыны Танзанияда демалып жүрген кезінде су астында сүйіктісіне сөз саламын деп көз жұмды. Бұл туралы kaz.nur.kz  Lenta.ru-ға сілтеме жасап  хабарлайды.

Дереккөздің ақпарынша, Американың Луизиана штатының тұрғыны кіші Стивен Вебер ғашығына ерекше ұсыныс жасап, таңғалдырмақ болған.

Қыздың Facebook парақшасында жариялаған кадрларға қарап, жігіттің су астында әйнектің арғы бетінен тұрмысқа шығуға ұсыныс жазылған қағаз бен жүзікті көрсетіп тұрғанын байқауға болады.

Алайда, оның қай уақытта суға батқаны және өліміне не себеп болғаны айтылмайды.

Теги: махаббат