Түркияда үйінді астынан мысық құтқарылды

17.02.2023 22:57

Аман табылған үй жануары қазір құтқарушының қасында бірге еріп жүр

northossetia

Түркияда жер сілкінісінен 1 апта өткен соң үйінді астынан мысық құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Апат орнында жұмыс істеп жүрген құтқарушының сөзінше мысық адамдардан қорықпай, су ішкен.

"Мысық алғашқы уақытта суды бірден ішпеді. Бізге үйрене келе іше бастады. Қазір үй жануарының жағдайы жақсы", - дейді құтқарушы.

Үйінділерді тазалау кезінде аман табылған мысық қазір құтқарушының қасында бірге еріп жүр.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда Түркияда қатты жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты.

Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда.