Аустралияда композитор, Triplex жобасының мүшесі және "Бригада" сериалының саундтрегінің авторы Андрей Иванов қайты болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Музыкант Сиднейде Бондай Бич жағажайының маңында жартастан құлап, қайтыс болған. Онымен бірге жары болған, әйелді аман алып қалған.
"Өз өмірімде кездескен әлемдегі ең ашық адамдардың бірі еді", - деп жазды ресейлік журналист Михаил Козырев Facebook желісіндегі парақшасында.
Андрей Иванов - электрондық музыканы орындайтын ресейлік Triplex музыкалық жобаның құрылтайшыларының бірі. Ұжым 1992 жылы құрылған. "Катапульта" альбомын, "Баскервиль төбеті" композициясын және ремиксін шығарды.
2000-шы жылдары Triplex бірінші кезекте саундтректерді фильмдерге және телесериалдарға, мысалы, "Коллекционер", "Бой с тенью" және тағы басқа картиналарына әуен жазумен танымал болды. "Бригада" телехикаясына 2003 жылы шығарылған саундтрек жылдың ең үздік рингтоны ретінде MTV Ресей сыйлығын алды.