АҚШ-та торнада 100-ге жуық үйді қиратты

sputnik.kz
sputnik.kz
Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Канзас штатында жойқын торнада жүріп өтті. Жергілікті билік төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе Андовер қаласына қатты зақым келді. Мұнда 100-ге жуық үй қираған. Он екі адам жарақат алды, қаза болғандар туралы ақпарат әзірге жоқ.

Жергілікті билік төтенше жағдай режимін енгізді, 20 мыңға жуық ғимарат электр жарығынсыз қалды.

АҚШ Ұлттық мұхиттағы және атмосфералық зерттеулер басқармасының Дауылды болжау орталығы ұсынған дерек бойынша, жұмы күні 15 торнада тіркеліп, оның 14-і Канзас пен Небраскада, 1-еуі Флорида штатында болған.

2022 жылдың наурызынан бері АҚШ-та осымен екінші рет жойқын торнада соқты. Бұған дейін осы табиғат апатынан Оклахома мен Техас штаттары зардап шекті. 4 адам жарақат алып, 60-80 үй зақымдалды және 70 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

Новости партнеров