АҚШ-та ер адам ұшақтан секіріп кетті

05.12.2021 23:31

Оқиға Колорадо-Спрингс бағытында ұшып келе жатқан 4236 рейсінде болған

Ер адам Аризона штатындағы Финикс Скай-Харбор халықаралық әуежайында орнынан қозғалып, ұшуға бет алған ұшақтан секірген, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі  ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Оқиға Колорадо-Спрингс бағытында ұшып келе жатқан 4236 рейсінде болған. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ келген жолаушылар үшін шығу жолдарының біріне қарай жылжып бара жатқанда, борттағы жолаушы ұшақтан (әуе кемесінің) артқы бөлігіндегі люк арқылы шыққан», – деді Southwest Airlines өкілі Дэн Лэндсон. 

Содан кейін капитан ұшақты тоқтатып, авиациялық-диспетчерлік қызметті хабардар еткен. 

Ер адам ұшу-қону жолағына құлап, аяғын жарақаттап алған. Әуежайда орналасқан өрт сөндіру бөлімінің өкілі Тодд Келлердің айтуынша, өзі олардың ғимараттарына жетіп, бөлмелердің біріне кірген де есікті ашпай қойған. 

«Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер ер адамды есікті ашуға көндірген, содан кейін тексеріп, қажетті көмек көрсеткен және аяғын жарақаттап алған оны ауруханаға жеткізген», – деп нақтылады Келлер.