Футболшы матч кезінде жүрек талмасынан көз жұмды

26.12.2021 23:12
©tycsports.com

Алжирдің "Саида" клубының футболшысы Софьян Лукар ел чемпионатының екінші дивизионының матчінде инфаркттан қайтыс болды. Бұл туралы Кәсіби футболшылар қауымдастығының халықаралық федерациясының (FIFPRO) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Саида" мен "Оран" ойнында 28 жастағы футболшы өз командасының қақпашысымен соқтығысып қалды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Лука алаңға оралды, бірақ он минуттан кейін инфаркт алып, құлайды.

Лукарды жедел жәрдем шұғыл алып кеткенімен, ауруханаға барар жолда жүрек талмасынан қайтыс болды.