Лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады: 15 адам қаза тапты

26.01.2020 23:13

Шабуыл жасағандар лагерден өздерімен бірге қару-жарақ және әскери құрылғыларды алып кеткен

sobityadnya.ru

Малиде лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады. Ұрыс кезінде қауіпсіздік күштерінің 15 қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.  Лаңкестер жексенбіде Сегу аймағындағы Соколо қаласындағы әскери лагерьге шабуыл жасаған.

«Соколодағы әскери лагерде террористердің шабуылынан кемінде 15 малилік әскерилер қаза тапты», - деді дереккөз.  Шабуыл жасағандар лагерден өздерімен бірге қару-жарақ және әскери құрылғыларды алып кеткен.