NASA Марстың түрлі-түсті суреттерін жариялады

NASA/Perseverance Mars Rover
NASA/Perseverance Mars Rover
Суреттерді 19 ақпанға қараған түні Марсқа қонған NASA's Perseverance Mars Rover зерттеу аппараты түсірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

NASA Twitter-де америкалық Perseverance зерттеу аппараты түсірген Марстағы суреттерді жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы РИА Новости ақпарат порталы жазды.

Кадрлардың бірінде Қызыл планетаның беті түсірілген, ал екіншісінде оның көкжигі көрінеді. Үшінші кадрда ровердің өзі.

Суреттерді 19 ақпанға қараған түні Марсқа қонған NASA's Perseverance Mars Rover зерттеу аппараты түсірген.

Perseverance құрылғысы 18 ақпанда Марста Езеро (Jezero) маңына қонды. Негізі Mars 2020-ның ровермен миссиясы былтыр шілдеде жерден басталған. NASA тарихындағы бесінші ровер Қызыл планетаның құрылымы мен геологиясын зерттеуге арналған жеті ғылыми құралмен жабдықталған.

Бұл зерттеудің негізгі міндеті – Марс топырағының үлгілерін алу, ол болашақта жерге жеткізілуі мүмкін. Perseverance бортында Марс атмосферасынан оттегі алуға арналған эксперимент құрылғы бар.

Новости партнеров