Жәбірленушіге шұғыл түрде көмек көрсетілді, ал ұзындығы 1,2 метр болатын питон ветеринарлық клиникаға тапсырылды
АҚШ-тың Флорида штатында корольдік питон дәретханаға кіріп, ер адамның қолын шағып алды, деп жазады Stan.kz.
Оқиға жексенбі күні, 26 мамырда болған. 52 жастағы ер адам дәретханаға барып, унитаздың қақпағын көтере берген кезінде оның қолын жылан шағып алған.
Жәбірленушіге шұғыл түрде көмек көрсетілді, ал ұзындығы 1,2 метр болатын питон ветеринарлық клиникаға тапсырылды. Жыланнан инфекция табылды.
Корольдік питон – ұзындығы 1,2- 1,5 метр болатын усыз жылан. Ол адамдарға қауіп төндірмейді, сондықтан көбінесе оны үй жануары ретінде ұстайды.