Допингпен ұсталған спортшы қыз бұрын ер адам болған

21.06.2019 01:52

Жақын арада оның жынысын анықтайтын медицицналық тексеріс өткізіледі

2017 жылы допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілген кениялық желаяқ Шиис Чепкосгей ер адам болып шықты, деп хабарлайды Nairobi News басылымы.

Чепкосгей 2016 жылы Малайзияда өткен жартылай марафонда тестостерон, андростерон мен этиохоланон қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттелген еді.  

Спортшы қыздан кениялық ауруханалардың медқызметкерлері күдіктеніп, полиция шақырған.

Тексеріс барысында Чепкосгейдің биологиялық тұрғыда ер адам екені анықталады.

Жақын арада оның жынысын анықтайтын медицицналық тексеріс өткізіледі.