|
21.06.2022 | 18:31
1004

Украиналық босқындар саны 12 миллионға жетті

Ресми ақпарға сәйкес, қазір 100 мыңға жуық тұрғын өз үй-жайларына қайта оралған

Украиналық босқындар саны 12 миллионға жетті egemen.kz

ЕО Украинаға кандидат мәртебесін ресми түрде беруге дайын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Егер алдағы ЕО елдері көшбасшыларының саммитінде бұл шешім мақұлданса, Украина билігі талапқа сай келудің бірқатар алғышартын орындайды. Қазірдің өзінде аталған ел аумағында әскери қимылдар жалғасып жатыр. Отанынан жыраққа кеткендер де азаймай тұр.

Украина босқындар саны 12 миллионға жетті. Оның 5 миллионы Украина шекарасынан әрі асқан. Ахуал алаңдатарлық болса да, Киев пен қала маңына қайта келіп жатқандар да жоқ емес. Ресми ақпарға сәйкес, қазір 100 мыңға жуық тұрғын өз үй-жайларына қайта оралған.

«Өте қорқынышты болды. Өзімізді, баламызды құтқару үшін алды-артымызға қарамай жүгіре бердік. Ал қайтып келсек, бұл жер бұрын адам аяғы баспағандай күйге түсіпті», – деді  Буча қаласының тұрғыны

Северодонецк аумағында әлі де әскери іс-қимылдар жалғасып жатыр. Көршілес Лисичанск тұрғындары бомбалаудан қорғану үшін жертөледе тығылуға мәжбүр. Ал өз кезегінде Ресей Украина тарапын Қара теңіздегі платформаларға ракеталық соққы жасап жатыр деп айыптады. Салдарынан хабарсыз кеткен 7 қызметкер әлі табылған жоқ.

«Ресейдің әскери күштері Украина аумағындағы іс-әрекетін әлі де жалғастырып жатыр. «Оникс» жоғары дәлдіктегі зымыраны Одесса облысының Арциз аэродромына соққы берді. Оның нәтижесінде «Байрактар ТБ2» аппараттарын басқару станциясы және жердегі осы кешеннің екі ұшқышсыз аппараты жойылды», – деді РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков.

Халықаралық аренада Украинаға көрсетілетін көмектің саны артып жатыр. «Үш теңіз бастамасы» саммитінің құрамына кіретін 12 мемлекет Украинаны барлық жобаға қосылуға шақырды.

«Біздің басты міндетіміз – түрлі саладағы қызметті сақтау, бекіту. Облыстардың амандығын қамтамасыз ету де аса маңызды. Бұл –  біздің қауіпсіздігіміз», – деді  Украина президенті Владимир Зеленский.

Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль Ресей тарапынан жасалып жатқан әскери іс-қимылдың салдарынан жалпы елде 25 мың шақырым жол, 300 көпір мен 12 әуежай, 656 аурухана, сондай-ақ 1200 оқу ғимараты мен 45 млн шаршы метр баспанаға зақым келгенін айтады. Ал Украина президенті ел экономикасының жартысы құлдырады деді.

Мадина Оқас, Алмат Ильясов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир