Оқиға Пикар алаңына жақын жердегі Шартон кварталында орналасқан ғимараттың жоғары қабаттарының бірінде болған
Францияның оңтүстік-батысындағы Борда қаласының орталық бөлігіндегі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Пикар алаңына жақын жердегі Шартон кварталында орналасқан ғимараттың жоғары қабаттарының бірінде болған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен қалалық полиция қызметкерлері келді. Квартал қоршауға алынды. Жарылыс болған жерде жүрген Sud Ouest журналисінің сөзінше, бірнеше ғимараттың терезесі сынған. Жарылыс болған нысанның құлау қаупі бар. AFP мәліметінше, үш адам жарақат алды, екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен.