Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымырандар ұшырды

euronews.com
euronews.com
Бұл – Корей Халық Демократиялық Республикасының Жапония аумағы үстінен соңғы 1 аптада екінші рет зымыран ұшыруы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл Корей Халық Демократиялық Республикасының Жапония аумағы үстінен соңғы 1 аптада екінші рет зымыран ұшыруы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиілеп кеткен өз әрекетін Солтүстік Кореяның Сыртқы Істер Министрлігі «қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалған шара» деп түсіндірді. Яғни, АҚШ пен оның одақтастарының Корей түбегіндегі әрекеттеріне байланысты Пхеньян осындай шешім қабылдаған. Алайда Жапония билігі Солтүстік Кореяны айыптап отыр. Өйткені олар елдің бірқатар аумағындағы тұрғындарды уақытша эвакуациялауға және пойыздардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болдық дейді.

«Солтүстік Кореяның жақында ғана зымыран ұшырғаны белгілі. Бірақ араға көп уақыт салмай, жасаған кезекті әрекетін айыптауымызға толық негіз бар», – деді Жапонияның Премьер-министрі Фумио Кисида.

Токионың мәлімдеуінше, Солтүстік Корея ұшырған зымыран «Хвастон-12» типті құрлықаралық баллистикалық зымыран және оның ұшу жылдамдығы 4 жарым мың шақырымға жетеді. Яғни, бұл Пхеньян билігі жүргізген сынақтың ішінде ең үлкен қашықтық болып отыр. Солтүстік Кореяның бұл әрекетін Оңтүстік Корея билігі араңдатушылық деп бағалады. 

«Мен бұл жағдайға қатысты Қарулы Күштер күнінде пікір білдіргенмін. Қазір де сол ойымнан айнымаймын. Жасалып жатқан ядролық араңдатушылыққа біздің ел тарапынан, одақтастарымыз бен халықаралық қауымдастық тарапынан жауап болады», – деді Оңтүстік Корея Президенті  Юн Сок Ёль.


Новости партнеров