126 жолаушысы бар ұшақ қону кезінде өртенді

24.06.2022 23:52

Оқиға 21 маусымда болды

видеодан үзінді

Red Air әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Майами халықаралық әуежайына қону кезінде өртенді. Өрттің видеосын NBC News жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 21 маусымда болды. Желіде жарияланған видеода әуе кемесінің үшу-қону жолағына қонған сәтті өрт шығып, қара түтін көрінеді.

Әуе айлағының басшылының мәліметінше, ұшақ бортында 126 жолаушы болған, оның үшеуі жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.