Кисловод қаласының мэрі Александр Курбатов электросамокаттан құлап, комаға түсті

14.06.2021 в 00:04

Дәрігерлер оған ота жасаған

Ресейдің Кисловод қаласының мэрі Александр Курбатов электросамокатын теуіп жүрген жерінен құлап, ес-түссіз күйге түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Сенбі күні Ставрополь қаласының губернаторы Владимир Владимиров шенеуніктің электросамокаттан абайсызда құлап, қатты жарақат алғанын айтты.

«Дәрігерлер оған ота жасады, қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», – делінген Кисловод әкімшілігінің Instagram парақшасында.