Оқ жаудырған күдікті ұсталды
АҚШ-та тәуелсіздік күнін мерекелеу кезінде атыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Иллинойс штатының Хайленд-Парк қаласында болған оқиғадан кемінде 6 адам қайтыс болып, 20-дан астамы жарақат алған. Көп ұзамай оқ жаудырған күдікті ұсталды. Оның 22 жастағы Роберт Кримо есімді азамат екені анықталып отыр. Ол көрермендер мен қатысушыларға мерекелік шара басталғаннан кейін бірнеше минут өткен соң оқ жаудырған. Күдікті ғимараттың төбесінен атқан, полиция қаруды сол жерден тауыпты.
БЛИЦ: